"Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының« №1 арнайы мектеп-интернаты » КММ-нің басшылығы мен оқытушылар құрамы атынан сізді біздің сайтқа қарсы алуға қуаныштымын"
Жүнісова Ардақ Уалиханқызы
ШҚО білім басқармасының "№1 арнайы мектеп-интернаты» КММ директоры"
«Мектеп-интернаттың ішкі міндеттерін шешудегі сыртқы байланыстың рөлі» атты облыстық семинар-практикум
2024 жылғы 20 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми- әдістемелік орталығы» КММ жылдық жоспары аясында ШҚО ББ «№1арнайы мектеп- интернаты»КММ негізінде «Мектеп-интернаттың ішкі міндеттерін шешудегі сыртқы байланыстың рөлі» атты облыстық семинар- практикум өткізілді.
Семинарды ұйымдастырушы А.К.Кубентаеваның жетекшілігімен аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, ШҚО білім басқармасының қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің маманы С.К. Муздапарова, «Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығының басшысы А.К. Алипова, С.Аманжолов атындағы ШҚУ «Психология және түзету педагогикасы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, жаттықтырушы-сарапшысы Ю.Е. Кукина, жалпы саны 35 педагогтан тұратын арнайы білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтары қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты-әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастықта педагогтардың ішкі міндеттерін шешуде және білім алушылардың жан-жақты дамуын қамтамасыз етуге қалай көмектесетінін көрсету.
Семинар аясында мектеп мұғалімдері мектеп-интернатының әлеуметтік серіктестері «Казцинк» ЖШС, білім, мәдениет және спорт мекемелерінің өкілдерімен бірге пәндер бойынша сыныптан тыс сабақтар, шеберлік сыныптарын өткізді. Бұл сыртқы байланыстар білім беру процесін жандандыруға, білім алушылардың шығармашылығына, кәсіптік бағдарлануына және әлеуметтенуіне жаңа мүмкіндіктер береді.
Семинарды ұйымдастырушылар, облыс мектептерінің басшылары мен педагогтары ШҚО ББ «№1 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің сыртқы байланыстарды дамыту тәжірибесін жоғары бағалады. Олар мұндай ынтымақтастық оқушыларды шабыттандыратынын, олардың мүмкіндіктері көмектесетінін, сондай-ақ білім беру мекемесінің оқу-тәрбие міндеттерін шешуге ықпал ететінін атап өтті.
1959 жылы аз қамтылған отбасы балалары үшін мектеп-интернат болып құрылған. Шығыс Қазақстан облысының халыққа білім беру бөлімшесінің 1971 жылғы 8 шілдесіндегі №341 қаулысымен 1971 жылдың 1 қыркүйегінде дамуында және ақыл есінде мүкісі бар балалар үшін № 1көмекші мектеп-интернат болып өзгертілген. 2020 жылдан ШҚО білім басқармасы «Арнайы мектеп-интернаты №1» аталынады.